Maм 07, 2019 18:41 Asia/Almaty
  • Рухани исламдық елдер басшыларын рамазан айының басталуымен құттықтады

ИИР Президенті исламдық елдер басшыларын рамазан айының басталуымен құттықтады.

 

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Хасан Рухани исламдық елдер басшыларына жіберген жеке жолдауларында оларды рамазан айының басталуымен құттықтап: «Исламдық елдер мейірім мен рақымға толы бұл айда Құран Кәрімнің аяттарына сүйеніп, Аллаға құлшылық ету мен исламдық бауырластық жолында қадам басады және бұл құнды нығметтің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен тыныштық орнатылады. Рамазан айы азаттық, махаббат, мистика, илаһи келісімге табанды болуды қуаттайтын ай. Бұл ай мұсылмандар үшін Алламен сырласатын және мейірім мен берекеге толы теңізді пайдаланатын мұрсат»,- деп қосты.

 

Тегтер