Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпайды
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың заңсыз әрекеттеріне қатысты Теһранның жаңа шешімдерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негіздеріне сәйкес деп тауып, Ислам республикасының бұл халықаралық заңнан шықпайтынын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Мәскеуге келіп түскен кезінде АҚШ-тың өткен жылдағы, әсіресе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпастан бұрын және одан шыққаннан кейінгі әрекеттерінің бұл халықаралық келісімнің жұмысын тоқтату болғанын қуаттап: «Иран АҚШ-тың бұл саясатына қарамастан осы кезге дейін ымыраға келіп, сабыр сақтады. Бірақ өкінішке орай Еуроодақ пен халықаралық қоғамның басқа мүшелері АҚШ қысымдарына қарсы дәрменсіздігін көрсетті. Сондықтан Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында өз еркімен тоқтатқан кейбір жұмыстарды қайта бастау шешім қабылдады»,- деді.