Рухани: Байытылған уран мен ауыр су сатылмайды
ИИР Президенті байытылған уран мен ауыр судың сатылуының 60 күнге тоқтатылатыны туралы хабарлады.
Иран Президенті Хасан Рухани: «Бүгін 8 мамыр күні АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзуынан бір жыл өткен жағдайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше мемлекеттерге (Британия, Франция, Германия, Ресей мен Қытайға) өзіміздің байытылған уран мен ауыр суымызды сатпайтынымыз туралы жарияладық. Бұл елдерге келіссөздерге оралуға 60 күн уақыт берілді. Егер бұл бес ел арасындағы келіссөздерде нәтижеге жетіп, Иранның, әсіресе мұнай мен банкілік қатынастарға байланысты негізгі мүдделері қамтамасыз етілсе, бұрынғы жағдайға қайтып ораламыз. Егер 60 күн аяқталып, нәтижеге жетпесек, келесі екі әрекетімізді бастаймыз. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иран уранды 3,67 пайызға ғана байытуға келіскен болатын. Енді бұл міндеттемізді орындамаймыз, яғни уран байыту деңгейін біз үшін ешкім белгілей алмайды. Арак ауыр суы туралы да 60 күннен кейін шешім қабылдаймыз, яғни «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дейінгі бағдарламамызды жалғастырып, Арак суы реакторын жетілдіреміз»,- деді.
Рухани сөзінің жалғасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше 5 елге жіберген жолдауында, егер Иранның бүгінгі шешімдерін сылтауратып, Иранның ісін Қауіпсіздік кеңеске жіберсе, қатаң әрекеттермен бетпе-бет келетіні туралы ескертті.