Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы кейбір міндеттемелерін орындауды тоқтатты
(last modified Wed, 08 May 2019 08:53:37 GMT )
Maм 08, 2019 14:53 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы кейбір міндеттемелерін орындауды тоқтатты

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше елдерге жолдаған мәлімдемесінде: «Иран ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26-27-ші баптарында қарастырылған құқыларын пайдаланып, бүгін, сәрсенбіден аталмыш келісімдегі өзінің кейбір міндеттемелерін орындауды тоқтатады»,- деп қуаттады.

 

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі өз мәлімдемесінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпаған елдерге, атап айтқанда Британия, Германия, Франция, Ресей және Қытайға әсіресе банкі мен мұнай салаларындағы өз міндеттемелерін іске асыруға 60 күн уақыт берілетіні туралы баяндап: «Иранның мүдделері қамтамасыз етілген әр уақытта Теһран да өз міндеттемелерін орындауды қайта бастайды. Бірақ егер олай болмаса, Иран өз басқа міндеттемелерін орындауды тоқтатады. Иран осы кезде байытылған уран мен ауыр суға қатысты міндеттемелерін орындауды тоқтатады. Сондай-ақ 60 күннің ішінде Иранның мүдделері қамтамасыз етілмесе, Иран Арак ауыр суына қажет реакторды жетілдіру жұмыстарын қайта бастайды»,- деп айтылды.