Сардар Шариф: Иран - аймақтағы ең қауіпсіз ел
https://itolqyn.com/news/iran-i42050-Сардар_Шариф_Иран_аймақтағы_ең_қауіпсіз_ел
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы дағдарыспен бетпе-бет келген Батыс Азия аймағында ИИР-ның ең қауіпсіз ел екенін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 08, 2019 14:55 Asia/Almaty
  • Сардар Шариф: Иран - аймақтағы ең қауіпсіз ел

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы дағдарыспен бетпе-бет келген Батыс Азия аймағында ИИР-ның ең қауіпсіз ел екенін қуаттады.

 

«Сепахньюс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, бригада генералы Рамазан Шариф сейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Анзали портында: «АҚШ армиясы мен оның одақтастарының аймақтағы соғыстардағы сәтсіздіктері - үстемшілдердің «Нілден Евфратқа дейін» деген армандарына жетпегендерінің белгісі»,- деді.

Сардар Шариф Сақшылар корпусының дұшпандарға қатаң жауап қайтара алатындай әскер күш-қуатқа ие екені туралы тоқталып: «Үстемшіл үкіметтер сионистік режимнің қауіпсіздігін қорғау үшін ДАИШ лаңкестік тобын құрды, бірақ Сақшылар корпусының ерлігімен дұшпанның жобасы залалсыздандырылды»,- деп қуаттады.