Maм 09, 2019 12:39 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иранның  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы күн тәртібіне қойылған

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Теһранның әлі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпағанын айтып: «ИИР осы халықаралық келісімнен шығуды күн тәртібіне қойып отыр»,-деді.

Аббас Арақчи, сәрсенбі күні кешке  Иранның 2-ші арнасының «Арнайы сұхбат» бағдарламасында: «Ешбір ел Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты немесе оны бұзды деп айыптай алмайды, өйткені Иранның барлық шаралары, соның ішінде жаңа шаралары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында болды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «ИИР әлі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан жоқ, бірақ бұл келісімнен шығуды күн тәртібіне қойып отыр. Келісімнен шығу кезең-кезеңмен атқарылады»,-деді.

Арақчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше елдер Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқылаудың Теһранның қызыл сызығы екенін біледі. Егер бұл қызыл сызық сақталмаса, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы толық жойылады»,-деді.

Тегтер