Тахтраванчи: Дональд Трамп сенімді емес
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ Президентінің Иранмен келіссөздер өткізуі туралы уәжіне реакция білдіріп: «Дональд Трамп сенім артатын адам емес»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Маджид Тахтраванчи АҚШ-тың NBC телеарнасы жүргізушісінің «Иран келіссөздер жүргізуге дайын ба?» деген сұрағына: «Біріншіден, АҚШ Президенті келіссөзден неге шыққаның түсіндіруі керек. АҚШ Президентінің келіссөзден қайтадан кетіп қалмайтының қайдан білеміз? Ол осыған дейін халықаралық заңдарды теріске шығарып, оларды бұзды»,- деп жауап берді. Тахтраванчи АҚШ Президентінің Иранға ядролық қару шығаруға рұқсат етпеу үшін келіссөз жүргізуге дайын екені туралы уәжіне реакция білдіріп: «Трамп Иранның ядролық қару шығаруды көздемейтіні туралы хабарсыз сынды»,- деді.
АҚШ Президенті: «Иран басшыларынан менімен байланысып, жақсы келісім туралы сұхбаттасуды күтемін»,- деді. Трамп ирандықтардан көп нәрсені талап етпейтіні, тек Ираннан ядролық қару шығармауды талап ететіні туралы уәжденді.