Рухани: Тізе бүгу ирандықтардың діні және мәдениетімен үйлеспейді
https://itolqyn.com/news/iran-i42083
ИИР Президенті сенбі күні кешке дұшпандардың исламдық Иранға қарсы саяси-экономикалық қысымдарына тоқталып: "Иран халқы ешқашан қысымдарға тізе бүкпеген, бүкпейді де",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 12, 2019 15:49 Asia/Almaty
  • Рухани: Тізе бүгу ирандықтардың діні және мәдениетімен үйлеспейді

ИИР Президенті сенбі күні кешке дұшпандардың исламдық Иранға қарсы саяси-экономикалық қысымдарына тоқталып: "Иран халқы ешқашан қысымдарға тізе бүкпеген, бүкпейді де",-деді.

Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша,  Хасан Рухани Иранның саяси белсенділерінің бір тобымен кездесуінде: "Тізе бүгу ирандықтардың діні және мәдениетімен үйлеспейді",-деді.

ИИР Президенті осыдан бұрынырақ Иран халқының зорлықшыл басқыншыларға ешқашан бас имегенін және имейтінін айтып, ирандықтардың ерік-жігер күресінде АҚШ-ты жеңіліске ұшырататынын мәлімдеді.

АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін  Иранға қысым жасау үшін жан-жақты майдан ашты.