Рухани: Иран кез келген қоқан-лоққыдан мықтырақ
ИИР Президенті елінің түпкір-түпкірінен жиналған сүннит ғұламалары және зиялыларымен кездесуінде Ислам республикасы мен Иран халқының кез келген адамның оған қоқан-лоққы көрсетуінен күштілеу екенін қуаттады.
Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Хасан Рухани: «Осы кезде дұшпандардың әртүрлі қоқан-лоққыларының куәсі болудамыз, бірақ ғиззат және еңсемізді биік көтеріп, дұшпанды сәтсіздікке ұшыратып, бұл қиын кезеңнен өтеміз. Иранның Ислам революциясы арнайы бір мазхабқа ғана қатысты емес, Иранның бүкіл халқы, барлық мазхабтардың жақтастары революцияға жаппай қатысты, сондықтан олардың барлығы ел мен революцияның иелері»,- деді. Иран Президенті сүннит мұсылмандар өмір сүретін елдің шекара облыстарында революцияның жеңіске жетуінен осы күнге дейін адал шекарашылардың өмір сүргендеріне тоқталып: «Осы кезде шиіт және сүннит мұсылмандардың бір-бірінің қасында елдің дамуы үшін талпынуларының куәсіміз»,- деп қосты.