Ислам революциясы жетекшісі: Иран халқының түпкілікті нұсқасы – қарсыласу
(last modified Wed, 15 May 2019 06:30:13 GMT )
Maм 15, 2019 12:30 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Иран халқының түпкілікті нұсқасы – қарсыласу

Ислам революциясы жетекшісі жүйе басшыларымен кездесуінде Иран халқының дұшпанмен бетпе-бет келуіндегі түпкілікті нұсқасының барлық салаларда қарсыласу екенін қуаттап, АҚШ-тың қазіргі үкіметімен келіссөздер жүргізу екі есе зиян келтіреді деп тапты.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи: «Соғыс болмайды. Қазіргі бетпе-бет келу – ерік-жігердің бетпе-бет келуі. Иран халқы мен исламдық жүйенің ерік-жігері дұшпаннан күштілеу және Алланың көмегімен бұл жолы да жеңіске жетеміз. АҚШ басқарған ИИР-ның дұшпандары санкциялар арқылы Иранға соққы бере алады деп ойлайды. Негізінде Ислам респубикасы халық пен басшыларының ерік-жігеріне сүйенеді. Америкадан басқа Парсы шығанағы аймағы патшаларының байлықтарынан да қорықпау керек. Өйткені олар еш нәрсе жасай алмайды»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі АҚШ-тың үкіметтік орталықтарының ресми мәліметтеріне сүйеніп: «41 миллион американдықтың аштықпен бетпе-бет келуі және бұл елдегі азықтық мәселе, 40 пайыз некесіз нәрестелердің дүниеге келуі, 2 миллион 200 мың адамның абақтыларда  қамалуы, есірткі тұтынушылар санының көпшілігі және әлем бойындағы оқ атудың 31 пайызының АҚШ-та орын алуы - бұл елдің шындықтарынан. Кейбіреулер АҚШ-ты өте үлкен, айбат және қатерлі деп көрсетпесін. Әрине дұшпанға немқұрайдылық танытуға болмайды. Бірақ негізінде АҚШ әртүрлі қиындықтарға шырмалуда»,- деп қосты.

 

Тегтер