Иранның Денсаулық министрі: Әлем АҚШ-ты айыптауға міндетті
(last modified Tue, 21 May 2019 12:05:59 GMT )
Maм 21, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • Иранның Денсаулық министрі: Әлем АҚШ-ты айыптауға міндетті

ИИР Денсаулық министрі АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды қажет ететін жазықсыз адамдарға шынайы зиян келтіргеніне тоқталып, әлемдік қоғамның АҚШ-тың айыптауға міндетті екенін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-ші форумына қатысу үшін Женеваға сапар шеккен Саид Намаки өз сөзінде: "Біз әлемдік қоғамнан адамзатқа қарсы қылмыстың бір түрі болып табыладын заңсыз әрекеттері үшін АҚШ-ты жауапқа тартуды сұраймыз",- деді. Намаки Иранның Денсаулық министрілігі мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының халық денсаулығына қол жеткізу туралы бірлескен баяндамасының жексенбі күні  жарық көргенін хабарлап: "АҚШ-тың біржақты әрі әділетсіз санкциялары халықты, әсіресе  созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және замануи технология ие болуға теріс әсерін тигізді",- деп қосты.