Зариф: Батпақты құрғататын уақыт келмеді ме?
(last modified Tue, 21 May 2019 16:47:34 GMT )
Maм 21, 2019 22:47 Asia/Almaty
  • Зариф: Батпақты құрғататын уақыт келмеді ме?

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбіде АҚШ сыртқы саясатын қару-жарақ мафиясының билеп-төстейтініне тоқталып, АҚШ Президенті Дональд Трамптан оған қарсы тұруын сұрады.

Мұхаммад Джавад Зариф Твиттерде Трамптың «Fox News» арнасына берген сұхбатының бір бөліміне тоқталып: «Дональд Трамптың АҚШ-ты соғыстарға итермелейтін әскери-өнеркәсіптік кешеннен алыстағаны жөн»,- деп жазды. Дүйсенбі күні таңретең басылып шыққан Трамптың «Fox News»-ке берген сұхбатының бір бөлімінде АҚШ-тың соғысқұмар саясаттарындағы  әскери-өнеркәсіптік кешеннің рөлі туралы айтылды. Әскери-өнеркәсіптік кешен қарулы күштерді қару-жарақпен қамтамасыз ететін армия мен қорғаныс өнеркәсібінің арасындағы ресми емес коалицияның бір түрі. Әскери-өнеркәсіптік кешен қоқан-лоққыны үлкейтіп көрсетіп, елдің сыртқы саясатын қарулану мен әскери бюджетті артуға итермелейді. Зариф бұл салада Трамптың сайлау науқаны кезіндегі Ақ үйге енген жағдайда Вашингтонның батпағын құрғататыны, яғни үкіметтің саясаттарына жасырын түрде әсерін тигізетін факторлармен күресетіні туралы уәдесін есіне салып: «Батпақты құрғататын уақыт келмеді ме? Оның орнына АҚШ үкіметі есімдері Б әріпімен басталатын сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху, Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммаб бен Салман, ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен Абу-Даби тақ мұрагері Мұхаммад бен Заидтен құрылған  «Б» тобына «сауын сиырға» (Сауд режиміне) қару сатып, дипломатияны жоюға рұқсат беруде. Бұл жағдайда пайданы тек әскери-өнеркәсіптік кешен ғана көреді»,- деп мәлімдеді.

Тәжірибе АҚШ-тың өзінің мүдделерін сақтау және аймақты билеп-төстеу үшін соғыс, төнкеріс, санкциялар, қоқан-лоққылар және әскери-өнеркәсіптік кешеннің рөлі сынды құралдарды пайдаланатының көрсетті. Иран Сыртқы істер министрі Трамптың уәждеріне жауап ретінде: «Дональд Трамп «Б» тобын түрткілеп, Александр Македонский мен Шыңғыс хан және басқа басқыншылар жете алмаған табыстарға жеткісі келеді. Ирандықтардың  мыңдаған жылдар тарихы бар, ал барлық басқыншылардың кезеңі өтті. Еш уақытта ирандықты қорқытпаңдар, құрметтеңдер. Бұл жол (құрметтеу) нәтижеге жетеді»,- деп жазды. Кейбір сарапшылардың айтуынша, АҚШ үкіметі Трампты Иранмен келіссөздер жүргізгісі келетін адам сынды көрсетуге талпынуда.  Негізінде Трамп осыдан бір жыл бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранды лаңкестікті қолдаушы және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің қоқан-лоққысы, сондай-ақ ядролық қаруға жетуді мақсат етуші деп айыптады.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Білім министрлігі басшылары мен қызметкерлері, ұстаздар және мұғалімдермен кездесуінде Трамптың бос сөздеріне тоқталып: «Бұл адам оннан астам әшкере өтірігімен Иран мен Ислам республикасын қорқытты. Мен Иран халқы тарапынан оған «сіз дыбысыңызды шығармаңыз» деймін»,- деген болатын.