Рухани: АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері – адамзатқа қарсы қылмыс
https://itolqyn.com/news/iran-i42192
ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін адамзатқа қарсы қылмыс деп атап, АҚШ соғысының Иран үкіметімен ғана емес, 82 миллион ирандықпен екенін қуаттады.
(last modified 2025-04-23T13:41:39+00:00 )
Maм 22, 2019 12:24 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері – адамзатқа қарсы қылмыс

ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін адамзатқа қарсы қылмыс деп атап, АҚШ соғысының Иран үкіметімен ғана емес, 82 миллион ирандықпен екенін қуаттады.

ИИР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Хасан Рухани Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысы кеңесінің отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларына тоқталып: «АҚШ санкцияларын енгізуімен бірге Иранға дәрі-дәрмек пен азық-түлік жіберткізбей отыр»,- деді. ИИР Президенті елінің Ислам діні, ғиззат пен тәуелсіздік көрінісі ретінде АҚШ-қа қарсы тұрғанына қуаттап: «Ирандықтар еш уақытта дұшпанның зорлық-зомбылықтарына бағынбайды. Иран мұнайын сатады және АҚШ санкцияларынан өтеді. Иран халқы Ақ үйден жеңілмейді»,- деп қосты.