Рухани: Иран халқы зорлық-зомбылықтарға бағынбайды
https://itolqyn.com/news/iran-i42193-Рухани_Иран_халқы_зорлық_зомбылықтарға_бағынбайды
ИИР Президенті елдің дамуын барлық ұлттар мен азшылықтардың бірлігінің нәтижесі деп біліп, Иран халқының зорлық-зомбылықтарға бағынбайтынын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 22, 2019 13:06 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы зорлық-зомбылықтарға бағынбайды

ИИР Президенті елдің дамуын барлық ұлттар мен азшылықтардың бірлігінің нәтижесі деп біліп, Иран халқының зорлық-зомбылықтарға бағынбайтынын қуаттады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани   Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысында су және топырақ ресурстарын пайдалануға байланысты рәсімде: «Иран халқының күш-қуаты оның дұшпаны қоқан-лоққы жасағанына өкініп, соғысты көздеймейді деп жариялауға мәжбүр болатындай деңгейге жетті. Дұшпандардың қастықтары халық үшін қиындықтар тудырып, адамдарға қысым көрсетуде, бірақ бұл қысымдар Иран халқын бағындыра алмайды»,- деді.

Иран Президентінің сейсенбі күнгі Батыс Әзірбайжан облысына жасаған сапары кезінде 27 ірі инвестициялық және экономикалық жобаның тұсаукесер рәсімі өтті.