Мусави: Иран еуропалықтар сынды амал етуге дайын
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы өзінің франциялық әріптесінің Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болу туралы талабына: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін Франция мен басқа еуропалық серіктестері өткен бір жылда аталмыш келісімді қолдап, оған сай амал еткендей іске асыруға дайын»,- деп жауап берді
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдаулары туралы уәжденетін франциялықтарды бұл жауап қанағаттандыратын болар»,- деп қосты.
Франция Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Агнес фон Мюлл Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздерінше уранды 3,67 пайызға байытуды төрт есе арттыру шешіміне реакция білдіріп: «Париж Ираннан осыған дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелерін іске асыруға табанды болғандай, оларды іске асыруды жалғастыруды талап етеді»,- деді.