Рухани: Дұшпандардың қастандықтары дамыған, біртұтас әрі құдіретті Иранның алдын алуға бағытталған
ИИР Президенті дұшпандардың өткен 40 жыл ішіндегі қастандықтарының мақсатын дамыған, біртұтас әрі құдіретті Иранның алдын алу деп атап: «Бүгінде дұшпан өзінің ең ауыр қысымдарын экономика саласына салып жатыр. Осылай істеу арқылы Иран экономикасының дамуына кедергі келтіреміз деп ойлайды, бірақ ешқашан сәттілікке қол жеткізбейді»,-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иранның іскерлері мен белсенділерінің бір тобымен кездесіп: «Дұшпанның ИИР-ды әлсіретуге бағытталған талпыныстары осы күнге дейін нәтиже берген жоқ, бұдан былай да еш нәтиже бермейді»,-деп еске салды.
Рухани сәрсенбі күні Иранның Батыс Әзірбайжан облысының әкімшілік кеңесінің жиналысында АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларына тоқталып: «АҚШ соғысы Иран үкіметіне емес, 82 млн ирандыққа бағытталған»,-деді.