Жетекші көзқарасы: "Революцияның екінші қадамы" атты баяндамадағы жастардың маңызды рөлі
(last modified Thu, 23 May 2019 12:28:27 GMT )
Maм 23, 2019 18:28 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы:

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні мыңдаған студентпен кездесуінде "Ислам революцияның екінші қадамы" атты баяндамадағы ұзақ мерзімді мақсаттардың орындалуында жастардың рөлін маңызды деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам революциясын басқарудың революциялық идеяға берік жастарға тапсырылу қажеттігін айтып: "Революцияның екінші қадамы" атты баяндама – Ислам революциясының өткені, бүгіні мен келешегі туралы жалпы сипаттама",-деді.

Ислам революциясының бесінші онжылдыққа қадам басуымен бір мезгілде Ислам революциясының жетекшісі маңызды бір баяндама жасап, Ислам революцияның екінші қадамын сипаттап берді. Онда революция мен Иранның исламдық жүйесін дамытуда революциялық идеяға берік жастардың маңызды рөл ойнайтынын қуаттады.

Ислам революциясының орын алуы мен сақталып қалуы, осы күнге дейін қолданылуы, бұл революция жетуі тиіс перспективаның ауқымдылығы, жауапты жастардың революцияны ілгерілету жолындағы рөлі "екінші қадам" баяндамасында аталған төрт маңызды жайт болып табылады. Аятолла Хаменеи жастармен кездесуде осы төрт жайтқа тоқталды.

Иран Ислам революциясы саяси-экономикалық, әскери-қорғаныс, ғылыми, мәдени және әлеуметтік салаларда сәтті қолданылған жағдайда 40 жылдық межеден асты.

Аятолла Хаменеидің "Революцияның екінші қадамы" атты баяндамасында тәртіпке бағынған жалпыұлттық қарқынды қозғалыс, сезілерлік жетістіктер мен хезболлалық жауапты жастарға ерекше назар аударылған. Жастардың басқару жүйесінде әсерлі қызмет атқаруы арқылы барлық салаларда үлкен өзгерістер жасау көзделген.

Ислам революциясының 40 жылдық тарихына шолу жасағанда жастар мен студенттердің Иранның әртүрлі салаларындағы, әсіресе ғылыми дамуындағы маңызды рөлін айқын көруге болады.  Өткен 40 жылда революциялық идеяға берік жастар араласқан әрбір салада жарқын жетістіктерге қол жеткізілді. Бүгінде Ислам революциясының бесінші онжылдыққа қадам басқан шағында революциялық идеяға берік жастардың рөліне бұрыннан да көбірек көңіл бөлініп отыр.

Революциялық идеяға берік жастарды ел басқаруда қолдану әрдайым Ислам революциясының жетекшісі қуаттап келген іс болды. Сол себепті студенттермен кездесуде хезболлалық жастардың ел басқаруға кіру жолдары мен қажетті шарттары түсіндірілді. Осы салада Ислам революциясының жетекшісі: "Белсенді жастар қалыптасқан кез келген жерде  олар айналасы мен басқа да құрылымдарға әсер ету арқылы Иран халқының қырағылығын арттырып, жалпыұлттық қозғалыстың дамуына ықпал ете алады",-деп қуаттады.

Иранда университет бітірген белсенді жастар әрдайым саяси-экономикалық, әскери-қорғаныс және ғылыми салаларда ықпалды рөл ойнайды. Олар "Революцияның екінші қадамы" атты баяндама аясында Ислам революциясының перспективасын айқындап берді.