Иран мен Пәкістан шекаралық әріптестікті нығайту және лаңкестікпен бірлесе күресу қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 25 May 2019 07:34:10 GMT )
Maм 25, 2019 13:34 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан шекаралық әріптестікті нығайту және лаңкестікпен бірлесе  күресу қажеттігін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі мен Пәкістан Парламентінің Ұлттық мәжіліс палатасының төрағасы шекаралық әріптестікті нығайту және лаңкестікпен бірлесе күресу қажеттігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Исламабадта Пәкістан Ұлттық мәжілісінің төрағасы Асад Кайсармен кездесіп, екі ұлттың жақын қарым-қатынасы, Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар айлағы мен Пәкістанның Гвадар айлағы арасында әріптестікке қолайлы салаларға тоқталып, екі елдің парламентаралық қатынасын жақсы деп сипаттады.

Пәкістан Ұлттық мәжілісінің төрағасы Асад Кайсар өз халқының Иранға қызығушылықпен қарайтынын айтып, қазіргі жағдайда өзі мен Пәкістан Парламентінің Иран халқын қолдайтынын мәлімдеді.

Зариф пен Кайсар, сондай-ақ, аймақтағы қазіргі қысылтаяң шақта Палестина халқын қолдайтындарын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі бұл кездесуден бұрын Пәкістанның Премьер-министрі Имран Хан, Сыртқы істер министрі  Шах Махмұт Куреши, Құрлық күштерінің қолбасшысы Камар Джавед Баджвамен жеке-жеке кездесіп, сұхбаттасты.