Иранның қорғаныс және тежегіш қуаты 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінде қалыптасты
(last modified Sun, 26 May 2019 10:25:00 GMT )
Maм 26, 2019 16:25 Asia/Almaty
  • Иранның қорғаныс және тежегіш қуаты 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінде қалыптасты

Генерал-майор Ғұламәли Рашид сенбі күні Хоррамшахрдың азат етілген күнінің жылдығына орай Ислам Кеңесі Мәжілісінде өткен жиналыста: "Дұшпанға Иран халқының күш-қуаты мен ерік-жігеріне қатысты есептеуде қателеспесін деп ескертеміз. Мұның шығыны көп болады",-деді.

Хатам ул-Анбия базасының қолбасшысы Иранның қорғаныс және тежегіш қуатының 8 жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінде қалыптасқанын айтып: "Алайда қазіргі Иранның әскери тежегіш қуат тұрғысынан Қасиетті қорғаныс кезеңінен айырмашылығы мынада: Біз дұшпан алдындағы әлсіздік, оның импорт пен экспортқа арналған танкерлер мен кемелерге шабуылдары алдындағы қауқарсыздықты теңіз күшіне ие болу арқылы Иранның үстемдігі мен артықшылығына айналдырып, дұшпанды әлсіреттік",-деп еске салды.

Генерал-майор Рашид айтқандай, Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесі Иранның ұлттық мүдделерін, соның ішінде  мұнай экспорттауын назарға алмай, шешілмейді. Егер дұшпан бұл шындықтарға төзбесе, мұның құнын төлеуі керек.

Ливанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Аднан Мансұр "Иранның табандылығы мен Трамптың тығырыққа тірелуі" атты жазбасында: "Трамп Иранның бас июді қаламайтын басшылары мен барлық әлеуметтік топтарының мықты ерік-жігерін дұрыс танымайды. Бұл қатынас аймақтағы кейбір елдерде  нәтиже берсе де, Вашингтон Теһранның әлгі кейбір елдер сияқты емес екенін білуі керек. Әлгі кейбір елдер де бір күні АҚШ-тың аймақтағы соғыстарының отыны боларын, ақшаларының АҚШ пен Израильдің соғыс олжасына айналарын білуі тиіс. Арабтардың ғибрат алатын кезі жетті",-деп жазған.

Әскери стратегтер шетелдік басқыншылықты тежеп, соғыстың туындауына кедергі болатын өміршең қажеттілікке ие деп тапқан күш-қуаттың барлық тармақтары Иранда бар. Бұл ел қорғанысқа дайын қарулы күштерге ие болып, дамыған қорғаныс құралдарының барлығын жергіліктендіру арқылы аймақта бір шешуші күшке айналды. Алайда Иранның аймақтық мақсаттары мен саясаттары әрдайым бейбіт мақсатта, тұрақтылық сыйлаушы қалыпта, Иранның ұлттық мүдделері мен аймақтың жапа шеккен халықтарының мүдделерін қолдауға бағытталған. АҚШ-тың Иранның тәуелсіз әрекет етуін, осындай күш-қуатқа ие болуын жақтырмайтыны анық. Ол "Ираннан үркіту" саясатын ұстану арқылы Иранға әсерлі де стратегиялық маңызды қорғаныс құралдарын иеленуіне кедергі жасағысы келеді. АҚШ, сондай-ақ, Ираннан аймақта  болып жатқан оқиғаларға қатысты үнсіздік танытуын қалайды. Ал бұл жағдайда Израиль АҚШ-тың қолдауына сүйенген басқыншы режим ретінде ядролық арсенал мен әртүрлі дамыған зымырандарға ие. Бұл режим аймақтың тұтастығы, қауіпсіздігі мен тұрақтылығына ұдайы қауіп төндіріп тұр. АҚШ, сондай-ақ, Парсы шығанағы маңындағы араб елдеріне үнемі қару-жарақ сатып келеді. Және соңғы жаңалықтарда құны 8 млрд доллар тұратын қару-жарақтың араб елдеріне сатылғаны хабарланды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні мәлімдеме жасап, Сауд Арабиясы, БАӘ мен Иорданияға тез арада қару-жарақ сатылғанын растап, мұның мақсатын Иран жауластығының алдын алу деп уәж айтты.