Зариф: Ислам революциясы жетекшісі бұрыннан ядролық қарудың харам екенін жариялады
(last modified Tue, 28 May 2019 07:03:08 GMT )
Maм 28, 2019 13:03 Asia/Almaty
  • Зариф: Ислам революциясы жетекшісі бұрыннан ядролық қарудың харам екенін жариялады

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық қару шығаруды көздеуі туралы соңғы уәжіне реакция білдіріп: «Ислам революциясы жетекшісі бұрыннан ядролық қарудың харам екенін жариялады»,- деді.

«Парс ТВ»-дің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи бұрыннан ядролық қару шығаруға тыйым салатын пәтуә шығарып, Иранның ядролық қару шығаруды көздемейтіні туралы жариялады»,- деп жазды.  

Зариф сондай-ақ, Болтон, Бениамин Нетаньяху, Бен Салман және Бен Заид кіретін «Б» тобының экономикалық лаңкестігінің Иран халқына шығын келтіріп, аймақта қайшылықтар тудыратынына тоқталып: «Трамптың сөздері емес әрекеттері оның мақсатының дәл осы әлде басқа екенін көрсетеді»,- деп қосты.