Франциядағы Иран елшісі: Ядролық қару Иранның қорғаныс доктринасына енгізілмеген
Париждегі ИИР елшісі ядролық қарудын еш уақытта Ислам республикасының қорғаныс доктринасына енгізілмегені туралы қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бахрам Қасеми Франция Сенатындағы «Парсы шығанағындағы қайшылытарды азайту» тақырыпқа арналған отырыста: «Ядролық қару еш уақытта Иранның қорғаныс доктринасына енгізілмеген. Бұл тақырып Ислам революциясы жетекшісінің пәтуәсімен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісіміне қол қою және Иранның өз міндеттемелерін орындауын растаған Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 14 мәлімдемесімен дәлелденді»,- деді. Қасеми сондай-ақ Теһранның Парсы шығанағы аймағының кейбір мемлекеттері арасындағы түсінбеушіліктерін шешу үшін келіссөздер жүргізуге дайын екенін еске салып: «Осы күнге дейін Иранның қайшылықтарды азайту және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту талпыныстарына жауап бермегендер бөгделер болды»,- деп қосты.