Палестинаның тағдыры – ислам әлемінің басты мәселесі
Қасиетті рамазан айының соңғы жұмасы Иран Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушысы имам Хомейнимен "Дүниежүзілік Құдс күні" аталды.
Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруі 2019 жылдың 31 мамырында, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың рамазан айының 26 күні Иран және әлемнің басқа елдерінде өткізіледі.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави сейсенбі күні Дүниежүзілік Құдс күнінің қарсанында: "Исламның бір бөлігі саналатын Палестина мәселесі АҚШ-тың араласуы және аймақтағы кейбір елдердің қиялдарының салдарынан осы кезге дейін шешілмеді",- деді. Мусави Иранның Палестина тақырыбын ислам әлемінің басты мәселесі деп білетініне тоқталып: "Құдс күні әлемнің азаттық талап етушілері Құдсты азат етуді талап етеді",- деді. АҚШ пен әлемдік үстемшілердің Палестина халқына қарсы қастықтары 70 жылдан артық уақыт бойы жалғасуда. Трамп басқарған АҚШ-тың қазіргі үкіметі "Ғасыр мәмілесі" деп аталған жобаның шеңберінде жаңа қастықтарды іске асыруды көздейді. Соңғы кезде АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл жобаны Таяу Шығыстағы жаңа әрекеттер деп атады. Негізінде бұл жобалар тек сырты өзгерген бұрынғы жобалардың өздері.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы америкалық-сионистік "Ғасыр мәмілесі" жобасы ұзаққа созылады, алайда оған қырағы болу керек. Мәліметтер Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасын бірте-бірте іске асыруды көздеп отырғанын көрсетеді. Өткен жылы араб елдерінің Израильді қолдайтын кейбір талпыныстары әшкереленгенімен, осы кезде "Ғасыр мәмілесі" жобасын іске асыру жолында АҚШ пен Израильдің шынайы кедергілермен бетпе-бет келуде.
Ислам әлемі мен Палестина мәселелері сарапшысы Сабаһ Зангене АҚШ пен Иранға қысым көрсетуінің "Ғасыр мәселесінің" әшкереленуімен қатысын бағалап: "Менің ойымша, АҚШ-тың Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы әскери-қауіпсіздік салалардағы барлық соңғы әрекеттері тек Иранға әсер ету үшін емес, Ақ үй бұл әрекеттерімен Батыс Азиядағы мақсаттарына сай өзгерістер енгізгісі келеді. Олардың бір бөлімі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына, Иранның зымырандық күш-қуатына және үлкен бөілігі "Ғасыр мәмілесі" жобаға қатысты бола алады. Сондықтан осы кезде АҚШ-Израиль-Сауд Арабиясы үштігіне бағыну немесе оларға қарсыласу сынды екі жол бар. Аймақтың қазіргі жағдайында Құдс күні қарсыласу ағымының табандылығы туралы маңызды хабар жеткізіледі. Сондықтан рамазан айының соңғы жұмасы күнделікті күннен өзгеше. Иранның Исламдық үгіт-насихат кеңесінің Құдс және интефаза штабының басшысы Рамазан Шариф ««Ғасыр мәмілесі» сәтсіздікке ұшырап, Палестина жағдайы тұрақталсын» деген ұранды биылғы шерудің тақырыбы ретінде жариялады.