ИИР басшылары Палестина халқының армандарын қолдайтындарын қуаттады
(last modified Fri, 31 May 2019 10:28:01 GMT )
Maм 31, 2019 16:28 Asia/Almaty
  • ИИР басшылары Палестина халқының армандарын қолдайтындарын қуаттады

ИИР басшылары бүгін, жұма күні Иран халқымен бірге Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне қатысып, Палестина халқының армандарына қолдау көрсетіп, басып алынған жерлердегі сионистік режимнің қылмыстарын айыптады.

ИИР Президенті Хасан Рухани Теһрандағы шеруге қатысып, Дүниежүзілік Құдс күнін Ислам революциясы мен барлық мұсылмандардың басқыншыларға қарсы тұру тарихындағы өте маңызды күн деп тауып: ««Ғасыр мәмілесі» жобасы ешбір нәтижеге жетпейді. Құдс күні Палестина – мәңгі және Құдс – мұсылмандардікі деген жолдауды жеткізеді»,- деп қуаттады.

Иранның Жоғары соты аятолла Сейед Ибрахим Раиси де Құдсты азат ету мәселені ислам әлемінің негізгі мәселесі атап: «Құдс тақырыбы үстемшілер мен залымдарға қарсы табандылықтың көрінісі»,- деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы Әли Лариджани де Теһран шеруіне қатысып: «Америкалықтардың аймақ мұсылмандарын басып-жаншуы қарсыласу ағымының        күшеюіне себеп болды»,- деді.  Иран Вице-президенті Исхақ Джаһангири: «Халық Құдс шеруіне қатысып, «Ғасыр мәмілесі» жобаны сәтсіздікке ұшыратады»,- деп қосты. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф шерушілердің ортасында: «Құдс күнінің бүгінгі және өткен 40 жылдағы жолдауы «Ғасыр мәмілесін» ғасыр сәтсіздігіне айналдыру»,- деді.