Рухани: Келіссөзді бұзушы қалыпты жағдайға оралуы керек
https://itolqyn.com/news/iran-i42318
ИИР Президенті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Вашингтонның ешбір шартсыз Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын екені туралы сөзіне реакция білдіріп: «Келіссөздерді бұзып, келісімнен шығып кеткен тарап қалыпты жағдайға оралуы керек»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 03, 2019 12:37 Asia/Almaty
  • Рухани: Келіссөзді бұзушы қалыпты жағдайға оралуы керек

ИИР Президенті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Вашингтонның ешбір шартсыз Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын екені туралы сөзіне реакция білдіріп: «Келіссөздерді бұзып, келісімнен шығып кеткен тарап қалыпты жағдайға оралуы керек»,- деді.

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Хасан Рухани елінің ұстаздары мен дәрігерлерінің ортасында: «АҚШ қате жолға түскенін түсінбегенше, Иран Вашингтонмен сөйлеспейді»,- деп қосты.

Бұдан бұрын Иранмен келіссөздер жүргізу үшін 12 шартты белгілеген АҚШ Мемлекеттік хатшысы өткен жексенбіде Швейцарияда шарттарынан артқа шегініп, АҚШ-тың ешбір шартсыз Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын екені туралы жариялады. Басқа жақтан ол Иранға максималды қысым саясатты жалғастыру қажеттілігін қуаттады.