Ислам революциясы жетекшісі: Исламдық елдер Палестинадағы дұшпанның қылмыстық орналасуына қарсы тұруға міндетті
Ислам революциясы жетекшісі исламдық елдердің бір-бірлеріне қарсы болудын орнына Палестинадағы дұшпанның қылмыстық орналасуына қарсы тұру қажеттілігін қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбіде бірақатар жүйе басшылары, исламдық елдер елшілері және халықтың әртүрлі таптары өкілдерімен кездесуінде Ораза айт күнімен құттықтап, Палестина мәселесін ислам әлемінің басты тақырыбы деп атап, АҚШ пен сионистік режимнің мақсаттарына сай талпынып отырған кейбір исламдық елдерді сынады. Аятолла Хаменеи: «Кейбір араб көне басшыларының еврейлерді теңізде батыру керек деген пікірлеріне керісінше Ислам республикасы олай ойламайды, бірақ басынан Палестина халқын қорғайтынын қуаттап, үстемшілерге қарсы тұрды және осы кезде қарсыласуын жалғастыруда»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі Иранның Палестинаның мұсылман, христиан және еврей тұрғындарынан және босқындарынан бұл елдің үкімет жүйесі туралы сауалнама жүргізу ұсынысын еске салып: «Дұшпандар Палестина халқының дауысына бағынғанша, бұл халықтың әскери, саяси және мәдени тұрғылардағы күресі жалғасуы қажет»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи сионистік режиммен бітімге келу және исламдық елдер арасында қайшылық тудыруды көздейтін кейбір исламдық мемлекеттерге қате жолға түскендері үшін тәубе ету ақыл-кеңес беріп: «Неге Ливия сынды исламдық елде екі топ бір-біріне қарсы тұрып, бір-бірінің қаның төгуі керек, неге Ислам дінінің жақтасымын деп жариялайтын мемлекет Йемен халқы мен бұл елдің инфрақұрылымдарын бомбалап, дұшпанның қалауына сай амал етеді?»- деп баса айтты.