Зариф: Өтірікші «Б» тобы қайтадан жанжал көтерді
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің барлау ұйымы Мосадтың Иранды Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра портындағы оқиғаға қатысты деп айыптауына реакция білдіріп, өтірікші «Б» тобының тағы жанжал көтергенін қуаттады.
Сионистік режим: «Мосад Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра портындағы мұнай тасымалдайтын 4 танкерге зардаб келтірген жарылыстан шамамен үш апта өткен соң Американы бұл оқиғаның негізгі айыпкері Иран екеніне сендірді»,- деп жариялады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Иран қате мәліметтер туралы ескерту жасады. Бірақ бұл жолы Мосад Фуджейра портындағы жарылыстағы Иранның рөлі туралы мәліметті өзгертті»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрінің «Б» тобына тоқталып, әлемде есімдері немесе лақаб аттары «Б» әріпімен басталатын бірнеше соғысқұмар саясаткер бар: сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху, Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман, Біріккен Араб Әмірлігі тақ мұрагері Мұхаммад бен Заид және Ақ үйдің қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон.