Аятолла Кашани: Қарсыласу – дұшпанға қарсы тұратын ең жақсы жол
Маусым 07, 2019 18:12 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының имамы дұшпандардың исламдық Иранға қарсы қастықтарына тоқталып, қарсыласуды үстемшілерге қарсы тұратын ең жақсы жол деп атады.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының құтпаларында осы күні дұшпанның Иранға қиындықтар тудырғанына сілтеме жасап: «Иран қырық жыл бұрынғы кезеңдей бұл жолы да қиындықтардан өтіп, дұшпанды сәтсіздікке ұшыратады»,- деді. Аятолла Хаменеи Иран мен басқа елдерде өткен Құдс күні шерулерін салтанатты өтті деп бағалап, әлемнің барлық азаттық талап етушілеріне шеруге қатысқандары үшін алғыс айтты.
Тегтер