Франция АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс тақырыптарға қатысты жобасын қолдады
(last modified Fri, 07 Jun 2019 12:49:31 GMT )
Маусым 07, 2019 18:49 Asia/Almaty
  • Франция АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс тақырыптарға қатысты жобасын қолдады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс тақырыптар жобасының ядролық мәселеге қатысты келісімді сақтап қалуға көмектеспейтінін қуаттады.

Аббас Мусави Франция мен АҚШ Президенттерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ортақ ұстанымдарына реакция білдіріп: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс тақырыптар жобасы  ядролық мәселеге қатысты келісімді сақтап қалуға көмектеспейді, керісінше бұл келісімге табанды қалған тараптардың сенімсіздігін арттырады»,- деді.

Франция Президенті Эммануэль Макрон мен АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбіде Нормандия қаласында өткізген ортақ баспасөз отырыстарында Иранның ядролық бағдарламасы туралы жаңа келіссөздердің жүргізілу қажеттілігін қуаттады. Францияның АҚШ ұстанымын қолдауы үнемі қайталанып, тіпті ядролық мәселеге қатысты келіссөздер кезінде Париж жаман полицияның рөлін ойнап, Иран мен әлемнің алты құдыретінің ядролық мәселеге қатысты келіссөздерінің ұзаққа созылуына себеп болды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранның тек ядролық мәселесіне  қатысты болып, бұл елдің атом бомбасын шығаруды көздемейтінін көрсетті. Трамп үкіметі билік басына келсімен АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты бұзуды бастап, соңында одан толық шықты. Осы кезде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығуынан бір жыл өткен жағдайда еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындай және АҚШ-тың шығуының шығындарын толтыра алмады. Енді Франция АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс жобасын қайталап, Париждің бұл ұстанымы Еуропаның АҚШ-қа қарсы тұрып, тәуелсіз шешім қабылдай алмайтынын көрсетті. Иранның зымырандық бағдарламасы мен бұл елдің аймақтағы белсенділігі туралы келіссөз жүргізу АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс екі тақырыбы. Бұл жоба Иранның ішкі істеріне араласу және бұл елдің күш-қуатын нысанаға алу болып табылады. Ешбір тәуелсіз мемлекет өзінің қорғаныс құдыреті туралы келіссөз жүргізбейді. АҚШ-тың мақсаты және Францияның оны қолдауы Батыс Азия аймағындағы ИИР-ның құдыретіне шектеу қоюды көздейді. ИИР саяси және әскери басшылары сан рет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы жаңа келіссөз жүргізбейтіндері және Иранның қорғаныс мәселелерінің келіссөз жүргізетін тақырып емес екендерін қуаттаған болатын.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи жоғары  оқу орындары ұстаздары және ғылыми кеңестері мүшелерімен кездесуінде келіссөздердің негізгі мәселесі  оның тақырыбын анықтау екенін қуаттап: «Біз әр тақырыпқа қатысты келіссөз жүргізбейміз. Революцияның негізгі әрі намысы саналатын елдің қорғаныс әлеуеті сынды тақырып келіссөзде талқыланатын мәселе емес»,- деп баса айтты. Ислам революциясы жетекшісінің бұл қатаң ұстанымы Иранның еш уақытта өзінің құдыретіне байланысты қорғаныс әлеуеті туралы мәміле етпейтінін анықтады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалатын жалғыз жол еуропалықтардың бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындаулары болып табылады. Сондықтан Франция мен еуропалық басқа мемлекеттердің жаңа келіссөз туралы жобалары Иранды жаңа ойынға енгізе алмайды.