Лариджани: "Ғасыр мәмілесі" сионистік режимнің болмыстан айырылу белгісіне айналды
(last modified Sun, 09 Jun 2019 15:20:30 GMT )
Маусым 09, 2019 21:20 Asia/Almaty
  • Лариджани:

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иран халқы "Ғасыр мәмілесін" сионистік режимнің болмыстан айырылу белгісіне айналдырды",-деді.

Әли Лариджани Мәжілістің жексенбі күнгі ашық жиналысында Иран халқын Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруіне қатысып, сионистік режим мен оны демеушілердің қастандықтарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болғанына алғыс айтып: "Бұл жаппай қатысу "Ғасырдың ірі мәмілесін" болмыссыздық келісіміне айналдырды",-деді.

Лариджани: "Егер тараптар Палестина мәселесін демократиялық жолмен шешуді қаласа, Ислам революциясының жетекшісі ұсынған шешім жолы, яғни Палестина халқының дауысына жүгінулері керек",-деді.

Иранның заң шығарушы органының төрағасы Франция Президенті Эммануэль Макронның сөздеріне тоқталып: "Бұл – өкініш тудыратын жайсыз сөздер. Франция Президентінің Иран Президентімен тікелей және телефон арқылы сұхбаттарында айтқан пікірлеріне мүлде ұқсамайды",-деді.  

Тегтер