Зариф: Аймақтағы шиеленісті азайтудың жалғыз жолы - АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғысын тоқтату
(last modified Mon, 10 Jun 2019 11:31:29 GMT )
Маусым 10, 2019 17:31 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғыс жариялауына тоқталып, Батыс Азия аймағындағы шиеленісті азайтудың жалғыз жолы экономикалық соғысты тоқтату екенін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбіде Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен Теһранда өткізген ортақ баспасөз отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғысының әлем үшін қатерлі екенін қуаттап: "Иран халқына қарсы экономикалық соғыс ашқандар немесе оны басқарып отырғандар аман қаламыз деп ойламаулары керек",- деді.

Зариф ешбір мемлекеттің Иран халқына қарсы әрекеттене алмайтынын, ал әрекеттенген жағдайда қатаң жауабын алатынына тоқталып: "Иран еш уақытта ешбір соғысты бастамады. Бірақ егер кімде-кім Иранға қарсы соғысты бастаса, бұл соғысты аяқтаушы болмайды",- деп қосты. Хайко Маас бұл баспасөз отырыста еуропалық үш мемлекет, атап айтқанда Британия, Франция және Германияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауын қуаттап: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасыынан шығуы бұл келісімдегі Иранның экономикалық мүдделерінің қамтылмауына себеп болды. Сондықтан Еуропа Иранның экономикасы дамыту және бұл елмен сауда жүргізу мүмкіндіктерді тудыруды қарастыруда",- деді.