Рухани: Иран еш уақытта қысымдардан тұйыққа тірелмейді
(last modified Tue, 11 Jun 2019 08:22:57 GMT )
Маусым 11, 2019 14:22 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран еш уақытта қысымдардан тұйыққа тірелмейді

ИИР Президенті АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының елдер арасындағы келісімдер мен аймақтың қауіпсіздігіне теріс әсер етуден басқа нәтиже бермегеніне тоқталып, Иранның еш уақытта қысымдардан тұйыққа тірелмейтінін қуаттады.

Хасан Рухани дүйсенбіде Теһранда Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесуінде Иранға қысым көрсету және санкция енгізу арқылы аймақ қауіпсіздігінің еш уақытта қамтамасыз етілмейтінін қуаттап: «АҚШ Иранға қарсы залым санкцияларымен экономикалық лаңкестік жолына түсті, сондықтан Иран халыққа дәрі-дәрмек пен азық-түлік жіберуге кедергі болып отырғандарға қарсы табандылық білдіреді»,- деді. Рухани «Иран ядролық қару шығаруды көздейді» деген тақырыпты көтеруді дұрыс емес деп атап: «Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 15 мәлімдемесі және одан маңыздылауы Ислам революциясы жетекшісінің ядролық қаруды харам деп жариялаған пәтуасы бұл уәждердің қателігін білдіреді»,- деп қосты.

Хайко Маас те бұл кездесуде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуын қате әрі дұрыс емес шешім деп бағалап: «Германияның АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарына көптеген келіспеушіліктері  бар, сондықтан басқа еуропалық елдер, әсіресе Британия және Франциямен ынтымақтастық етіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалып, бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындауға талпынуда»,- деді.

 

Тегтер