Жапония Премьер-министрі ертең Иранға аттанады
(last modified Tue, 11 Jun 2019 09:50:01 GMT )
Маусым 11, 2019 15:50 Asia/Almaty
  • Жапония Премьер-министрі ертең Иранға аттанады

Жапония Премьер-министрі ИИР басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін ертең Теһранға аттанады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Жапония үкіметінің аға хатшысы бүгін Токиодағы баспасөз отырыста Абэ Синдзоның Теһранға үшкүндік сапар шегіп, Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи және Иран Президенті Хасан Руханимен кездесетіні туралы хабарлады. Ол: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы, Иран мен АҚШ арасындағы қайшылықтарды азайту, сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының күшін жою сынды мәселелер бұл кездесулердің тақырыптарынан»,- деді.