Хасан Рухани Иранның ұлттық волейбол командасын құттықтады
Маусым 17, 2019 12:26 Asia/Almaty
ИИР Президенті өз жолдауында Иранның ұлттық волейбол командасының Ұлттар лигасы - 2019 ойындарындағы жеңістерін құттықтады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР Президенті Твиттеріндегі парақшасында: «Иран командасының Ұлттар лигасындағы жеңістері барлық ирандықтардың қуанышына себеп болды»,- деп жазды.
Иранның ұлттық волейбол командасы жексенбіде Урумиедегі Ұлттар лигасы – 2019 ойындарының соңғы ойынында Ресей командасын жеңді.
Иранның ұлттық волейбол командасы Ресей, Польша, Канада, Италия, Германия, Қытай, Аргентина және Жапония командаларын жеңіп және Бразилия командасынан ұтылып, нәтижесінде 24 ұпаймен бірінше орынға иеленді.
Тегтер