Сауд Арабиясының Иранды айыптауы - бұрынғы қате жолдың жалғасы
https://itolqyn.com/news/iran-i42466
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сауд режимі тақ мұрагерінің Оман теңізіндегі танкерлерге шабуыл жасалған оқиғаға байланысты ИИР айыптауын бұрынғы қате жолдың жалғасы және Сауд Арабиясының аймақтағы қате саясаттары себеп болған қиындықтардан қашу деп тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 18, 2019 14:25 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Иранды айыптауы - бұрынғы қате жолдың жалғасы

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сауд режимі тақ мұрагерінің Оман теңізіндегі танкерлерге шабуыл жасалған оқиғаға байланысты ИИР айыптауын бұрынғы қате жолдың жалғасы және Сауд Арабиясының аймақтағы қате саясаттары себеп болған қиындықтардан қашу деп тапты.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави: «Сауд Арабиясы аймақтың өзгерістерін дұрыс түсінбей, қарулану саясатымен дағдарыс тудырып, өз елі мен аймақтың басқа елдері байлығын бөгделердің қалтасына құйып отыр. Сауд Арабиясы аймақтағы соғыс пен қирауларға себеп болған қате жолынан шығып, сенім арттыратын шешімдер қабылдап, аймақтағы қақтығыстарды азайтатын келіссөз бен келісімге негізделген жаңа саясатты көздейді»,- деген үміт білдірді.