Иран мұнайы экпортталғанша, басқалардың мұнайы қауіпсіз жағдайда экспортталады
(last modified Tue, 18 Jun 2019 15:09:03 GMT )
Маусым 18, 2019 21:09 Asia/Almaty
  • Иран мұнайы экпортталғанша, басқалардың мұнайы қауіпсіз жағдайда экспортталады

Егер Иран Парсы шығанағынан өтетін мұнай экспортын тоқтатқысы келетін болса, әшкере жариялайды. АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары сынды алдап-арбау немесе жасыруға талпынбайды.

ИИР Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Мұхаммад Бақери журналистермен сұхбатында АҚШ-тың БАӘ Фуджейра портындағы және Оман теңізіндегі мұнай тасымалдайтын 2 танкердің жарылыстары туралы айтқан негізсіз уәждеріне тоқталып: "ИИР қарулы күштері дұшпанның барлық әрекеттерін үнемі және ұқыпты бақылауға алуда",- деді. Парсы шығанағының мұндай оқиғаның куәсі болуы бірінші рет емес. Бөгделердің аймақтағы араласуларынан туындаған дағдарыстар әлемдік құдыреттердің билеп-төстеу саясаттарынан тамырланады. Парсы шығанағының бұрынғы және қазіргі жағдайы трансаймақтық құдыреттердің аймақтағы бейбітшілікті қорғаудың орнына әрқашан Парсы шығанағындағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге кедергі жасағандарын көрсетеді. АҚШ жылдар бойы аймақта екі саясатты ұстанды. Бірінші саясаты коммунизмнің таралуы мен әсерінің алдын алу және екінші саясаты аймақ елдерінің стратегиялық жағдайы мен мұнай ресурстарын АҚШ мүддесіне пайдалану болды. Трумэн қағидасы америкалықтардың артта қалған елдерге көмектесуі туралы үгіт-насихатты таратқанымен, бірақ іс жүзінде артта қалған елдердің ұлттық байлығын тартып алуды көздеген алдап-арбау соғыстарды бастау болды. Осы күні Трамп дәл осы көзқарасымен араб елдерін "сауын сиыр" деп атады. Не дегенімен Сауд Арабиясы  аймақтық саясаттарының бір бөлігін АҚШ деп біліп, сырт көзге жаңа теңгерім орнатуға талпынуда. Оның мақсаты Иранды тынышсыздандыру. Иран еш уақытта Вашингтон немесе Риадқа бағынбайды. Аймақтың кейбір мемлекеттері өз болмысын сақтау үшін дағдарыстар мен бөгделердің аймақта орналасуын қажет деп санайды. Бірақ бұл жылдам өтетін елес. Иран америкалық-сионистік Ираннан үркіту жобаны іске асырғысы келеді. Негізінде Сауд Арабиясы АҚШ пен Израильдің стратегиялық торына түсті.  Сарапшы әрі жазушы Джим Дин: "Парсы шығанағы аймағы елдері Таяу Шығыстағы АҚШ өкілдері мен алдын алатын соққы базалары АҚШ-тың бұл аймақтағы  құдыретін арттыру орталыққа айналды",- деді. ИИР Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы айтқандай "Иран Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы қауіпсіздігін  елдің ішкі қиындықтары",- деп санайды.