Иран халқы ерік-жігер соғысында жеңіске жетеді
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы қарсыласуды дұшпандарға қарсы тұратын жалғыз жол деп тауып: «Қарсыласу – АҚШ саясаттарын жеңетін жалғыз жол және Иран халқының жеңісі жақын»,- деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы Хосейн Салами АҚШ-тің әлемдегі саясаттарының сәтсіздікке ұшырағандарын қуаттап: «Осы кезде Иран дұшпанмен басқа кезеңдерден күштірек күресуде. Бұл Иранның мұсылман халқының исламдық, революцияшыл және ұлттық болмысының нәтижесі»,- деп қосты. Қарсыласу өткен қырық жылдағы Иран халқының сындарлы жолы болды. Ислам революциясының жеңісінен кейін Иран халқының дұшпандары, әсіресе АҚШ Иран халқының алға ілгерлеуінің алдын алу үшін әр қастықты қолданды. Иран халқының мақсатты әрі қырағы қарсыласуы АҚШ қастықтарын әрқашан сәтсіздікке ұшыратты. Иран халқының тарихи, исламдық және революцияшыл болмысы бағынуға рұқсат етпейді. Ислам революциясының жеңісімен қалыптасқан тәуелсіздік талап ету болмыс ИИР аймақ пен әлемдегі тәуелсіз әрі құдыретті мемлекет етті. Ислам революциясының 40 жылғы тарихы қарсыласудың жеңіске жету тәжірибесіне толы. Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы соғысындағы Иран халқының қасиетті қорғанысы бұл халықтың басқыншыларға қарсы тұруының анық көрінісі болды.
АҚШ Иранға қарсы экономикалық соғыс жүргізіп отырған қазіргі кезде де Иран халқының үлгі болатындай қарсыласуы америкалық үкімет басшыларының теңгерімін бұзды. Иран халқына деген дұшпандылығы АҚШ-тың бұрынғы президенттерінен артқан Дональд Трамп Иран халқына қарсы ең көп қоқан-лоққы мен қысым көрсетуді көздеуде. Иран халқының қарсыласуы Ақ үй басшыларын сарсаңға салып, тіпті ызаландырды. Америкалықтардың дәрменсіздігі оларды өтірік айту және жалған құжаттар дайындап, Иранды аймақ қауіпсіздігін бұзушы мемлекет ретінде таныстыруға әрекеттенулеріне жеткізді. Бірақ әлемде оларды тыңдайтындар жоқ. Бұл салада АҚШ-тың республиканшыл партиясының саяси белсенділерінің бірі америкалық басшылардың Оман теңізіндегі танкерлерге қарсы шабуылға Иранның қатысты болуы туралы уәждерін АҚШ үкіметтерінің тарихи өтіріктерін қайталауы деп тауып: "Олар Иранды айыптау үшін әшкере түрде жалған құжаттарды пайдалануда",- деді. Исламдық және революцияшыл болмысынан тамырланған Иран халқының саясаты мен қарсыласуы америкалық басшылардың түстерін Иранға қарсы жоруларының алдын алды. АҚШ-тың сәтсіздігі Иран халқына қарсы дұшпандылығын екі есе арттырды. Дональд Трамптың Иран халқын лаңкес деп атап, тіл тигізуін осы салада бағалауға болады. Алайда барша үшін кімнің лаңкес екені белгілі. Осы кезде АҚШ басшылары мен Батыс Азия аймағындағы олардың одақтастарының лаңкестікті қолдауларына байланысты мықты құжаттар бар.