Рухани: АҚШ-тың әскери орналасуы мен араласуы – аймақтың қиындықтарының тамыры
ИИР Президенті Теһранның тұрақты ұстанымы қайшылықтарды азайту, қақтығыстың әр түрінен алыстау және аймақ пен әлемнің түкпір-түкпіріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты дамыту екенін қуаттады.
Хасан Рухани жексенбіде Теһранда Әлемдік Парламентаралық Одақ Төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесуінде біржақтылықты бүгінгі әлемнің үлкен қиындығы деп атап: «Аймақ пен әлемнің қиындықтарының көбінің тамыры кейбір мемлекеттердің диктатурасында, әсіресе АҚШ-тың халықаралық заңдарды бұзатын біржақтылығында»,- деді. Рухани АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуы мен Иранға қарсы залым санкцияларды енгізуіне тоқталып: «Осы кезде АҚШ Иранға қарсы экономикалық лаңкестік жүргізіп, тіпті дәрі-дәрмек пен азық-түлікке санкция енгізді»,- деп қосты.
Әлемдік Парламентаралық Одақ Төрағасы әлемдегі қайшылықтарды бейбіт түрде шешу мен бірнеше полюстікті таратудағы Иранның маңызды рөліне тоқталып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аймақ пен әлемде бейбітшіліктің және бірнеше полюстіктің орнатылуы үшін маңызды, сондықтан әлем Иранның келісімгі келіп, халықаралық келіссөздер мен келісімге құрметтеу тәжірибесінен сабақ алуы қажет»,- деді.