Рухани: Иран аймақта соғыс пен қақтығысты көздемейді
https://itolqyn.com/news/iran-i42548
ИИР Президенті Иранның аймақта соғыс пен қақтығысты көздемейтінін, бірақ дұшпандарға өз шекараларына шабуыл жасауға рұқсат етпейтінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 27, 2019 14:05 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран аймақта соғыс пен қақтығысты көздемейді

ИИР Президенті Иранның аймақта соғыс пен қақтығысты көздемейтінін, бірақ дұшпандарға өз шекараларына шабуыл жасауға рұқсат етпейтінін қуаттады.

Хасан Рухани үкімет отырысында АҚШ-тың тыңшылық ұшқышсыз ұшағының Иранның әуе кеңістігін бұзғанына тоқталып: «Егер дұшпан Иран шекараларынан өтіп, Ислам республикасының қызыл сызығынан өтсе, Иран қатаң жауабын қайтарады»,- деді. Рухани толық ирандық жүйенің АҚШ-тың тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлатқанына сілтеме жасап: «Иран ғылым, технология, өнеркәсіп, әскери және әскери емес салаларда жақсы жетістіктерге жетті»,- деп қосты. Рухани АҚШ Президентінің Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне алаңдаушылық білдіруіне тоқталып: «Егер Трамп Иранның ядролық қаруға ие болуына алаңдайтын болса, неге заңсыз Израиль режимінің ядролық қарулары туралы үнсіз қалып отыр»,- деді.