Арақчи: INSTEX күшіне енетін болды
https://itolqyn.com/news/iran-i42567
ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияның отырысын оң бағалап, алдағы күндері Иран мен Еуропаның қаржы алмасуының INSTEX арқылы іске асырылатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 29, 2019 14:42 Asia/Almaty
  • Арақчи: INSTEX күшіне енетін болды

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияның отырысын оң бағалап, алдағы күндері Иран мен Еуропаның қаржы алмасуының INSTEX арқылы іске асырылатынын қуаттады.

Сейд Аббас Арақчи Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссияның отырысы туралы журналистердің алдында: «Үш еуропалық мемлекет INSTEX механизміне қажет жұмыстарын орындағандарымен Иранның талаптарын  әлі де қамтамасыз етпеді»,- деді. Арақчи сондай-ақ басқа тараптармен де алдағы күндері Сыртқы істер министрлер деңгейінде   «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ортақ комиссия отырысының өтететінін хабарлап: «Бұл келіссөздердегі алға ілгерлеген әрекеттер Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын өзгерту үшін жеткілікті емес»,- деді. Аббас Арақчи еуропалық елдердің Иран мұнайының сатылу тақырыбына шынайы назар аудару қажеттілігіне тоқталып: «Арак реакторы тақырыбы алға ілгерлеп, келісімнің барлық мүшелері белгіленген уақытта жаңа реакторды жасау жұмыстың аяқталатынын қуаттады»,- деп қосты.