Иранның әртүрлі қалаларында 150 шәһидтің мәйіттері жерленді
Имам Джафар Садықтың (ғ.с.) шәһид болған күнімен тұспа-тұс Иранның 16 қаласында 150 шәһидтің мәйітін жерлеу рәсім өтті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, бейсенбіде халықтың жаппай қатысуымен Теһранда шәһидтерге құрмет көрсету рәсімінен кейін олардың мәйіттері елдің әртүрлі қалаларына жіберліп, олар бүгін Иранның 16 қаласында, олардың ішінде Құм, Рашт, Мазандеран, Бирджанд, Ахваз және Ардакан қалаларында жерленді. Бүгін жерленген шәһидтердің 34-інің ат-жөндері анықталды. Олардың екеуі қасиетті кесенелерді қорғаушылар және басқалары белгісіз шәһидтер.
Бүгін хиджри-қамари күнтізбесінің 1440 жылының 25 шауалі, сәйкесінше 2019 жылдың 29 маусымы әлем шиіттерінің алтыншы имамы хазірет Джафар Садықтың (ғ.с.) шәһид болған күні.