Зариф: Иран батыс елдерінің Саддамды қолдағанын ешқашан ұмытпайды
Иран СІМ Мұхаммед Джавад Зариф ИИР-ның батыс елдерінің Ирактың Баас режимінің диктаторы Саддамға жасаған қолдаулары мен қару-жарақ, тіпті химиялық тұрғыдан жасаған көмектерін ешқашан ұмытпайтынын мәлімдеді.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында Иранның солтүстік-шығысындағы Сардашт қаласына Саддам жасаған шабуыл құрбандарының суреттерін жариялап, былай деп жазды: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иран халқына қарсы жасалған сол шабуылды ешқашан айыптаған емес. Иран халқы ол кезде де дұшпандарға қарсы табандылық танытқан, қазір де табындылықтан танбайды».
Ирактың Баас режимінің 1987 жылдың маусым айының 28 күні Иранның Батыс Әзірбайжан облысындағы Сардашт қаласына жасаған химиялық шабуылында 119 адам шәһид болып, 8000-нан астам адам химиялық қарулардан уланып, зардап шекті.
Ирактың Иранға қарсы таңған соғысының соңғы жылдары мен содан кейін жарияланған құжаттар батыс елдерінің, соның ішінде Америка, Голландия, Германия мен Францияның 207 компаниясының Ирактың Баас режимін химиялық қарулармен жабдықтағанын көрсетеді.