Шетелдік инвесторларға Иранда бес жыл тұруға рұқсат берілді
Шіл 01, 2019 12:36 Asia/Almaty
Иранның министрлері кеңесі жексенбіде шетелдік инвесторлар мен шетел валютасын тарту үшін шетелдік азаматтарға бұл елде бес жыл тұруға рұқсат ететін ережелерді мақұлдады.
Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ережелер бойынша, ИИР тарапынан ресми танылған мемлекеттер азаматтары инвестор ретінде өмір сүру рұқсатын алу үшін кемінде 250000 еуро инвестиция салуы қажет. Бұл ережелерде сондай-ақ доллардан басқа Иранның Орталық банкісі қабылдайтын валюталар баламасы қарастырылды. Қабылданған ережелер ИИР заңдары бұзылмайтын жағдайда банкке салым, облигациялар мен тұрғын ұй құрылысы саласына инвестиция салуға рұқсат етеді.