БҰҰ-дағы Иранның өкілі: Қысымдар жалғасса, келіссөз жүргізбейміз
(last modified Mon, 01 Jul 2019 07:16:58 GMT )
Шіл 01, 2019 13:16 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Иранның өкілі: Қысымдар жалғасса, келіссөз жүргізбейміз

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ислам республикасына қарсы қысымдар жалғасып отырған жағдайда, Теһранның келіссөз жүргізбейтінін қуаттады.

ИСНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Тахтраванчи америкалық CNN арнасына берген сұхбатында: «Вашингтон ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығу қате шешімін қайта қарастыруы керек, сондай-ақ Иран қысым мен қоқан-лоққы жасалып отырған жағдайда, келіссөз жүргізбейді»,- деді. Тахтраванчи Еуропа мен Иранның арасындағы INSTEX-тің күшіне енуі туралы: «Уақыт аяқталуда, еуропалықтардың аталмыш механизмді іске қосуы бір жылдан артық уақыт алды. Еуропа жылдамдатуы әрі қаржы жұмсау керек. Керісінше жағдайда бұл механизм пайдасыз болады. Ислам республикасы аймақта қақтығыстардың болғанын қаламайды, бірақ еш уақытта қысымдарға бағынбайды»,- деп қосты.