Зариф: Иран дұшпандардың қысымына бағынбайды
(last modified Mon, 01 Jul 2019 09:05:59 GMT )
Шіл 01, 2019 15:05 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран дұшпандардың қысымына бағынбайды

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның дұшпадардың қысымына бағынбайтынына тоқталып, дұшпандардың Иран халқымен ізгі құрметпен сөйлесу қажеттілігін қуаттады.

 

Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, дүйсенбі күні өнеркәсіп және кен ұлттық күні рәсімінде: «АҚШ-тың осы кезде Иранға көрсетіп отырған қысымдарына Вашингтонның аймақ пен әлем деңгейінде Теһраннан ұтылуы себеп болуда»,- деді. Зариф Ресей, Үндістан, Түркия және Қытай сынды кейбір елдердің бірте-бірте  басқа елдермен сауда мәмілелерінен долларды алып тастау әрекеттеріне сілтеме жасап: «Бұл әрекеттер келешекте халықаралық  қарым-қатынастардағы доллардың рөлінің  төмендеуін білдіреді»,- деп анықтады.  Иран Сыртқы істер министрі еуропалықтардың INSTEX арқылы бірінші әрекеттін іске асырылуы туралы уәжденулеріне байланысты: «Еуропаның Иранның алдындағы міндеттемелері INSTEX-тен жоғары»,- деді.