Зариф: Иран байытылған уранының мөлшерін 300 кг асырды
(last modified Tue, 02 Jul 2019 06:57:10 GMT )
Шіл 02, 2019 12:57 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран байытылған уранының мөлшерін 300 кг асырды

Иран Сыртқы істер министрі еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінде қарастырылған міндеттемелерін дұрыс орындамауларына тоқталып, Иранның аталмыш келісімнің 36 бабы бойынша байытылған уранының мөлшерін 300 кг асырғанын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбіде журналистердің алдында: «Иран бұрыннан жариялаған анық бағдарламасына сай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін азайтады. Иран осы кезде уранды 3,67 пайызға байытып отыр, енді бұл деңгейді арттырады. Егер еуропалықтар өз міндеттемелерін іске асыруға талпынса, Теһран да міндеттемелеріне қайта оралады. Егер олар әрекетенбесе, Иран да «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36 бабына сай өз міндеттемелерін азайтады»,- деді. Зариф INSTEX-ті Еуропаның өз міндеттемелерін орындау саласындағы бастамасы деп атап: «2018 жылдың 8 мамырында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иран оның 36 бабын іске асыруынан бері еуропалықтар 11 рет INSTEX келісімдегі міндеттемелердің бірі емес, тек оларды іске асырудын бастамасы екені туралы мақұлдады»,- деп қосты.