Зангане: Иран мұнай өндіру мөлшерін азайту келісімнен босатылды
https://itolqyn.com/news/iran-i42597
Иран Мұнай министрі ОПЕК мүшелері Мұнай министрлерінің 176-шы отырысындағы Иранның сұранысының қабылданғанына тоқталып, Иранның ОПЕК-тың бұрынғы отырысындағындай мұнай өндіру мөлшерін азайту келісімнен босатылғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 02, 2019 15:11 Asia/Almaty
  • Зангане: Иран мұнай өндіру мөлшерін азайту келісімнен босатылды

Иран Мұнай министрі ОПЕК мүшелері Мұнай министрлерінің 176-шы отырысындағы Иранның сұранысының қабылданғанына тоқталып, Иранның ОПЕК-тың бұрынғы отырысындағындай мұнай өндіру мөлшерін азайту келісімнен босатылғаны туралы хабарлады.

 

Бижан Зангане ОПЕК-ке мүше елдерінің Мұнай министрлерінің 176-шы отырысынан кейін журналистердің алдында бұл ұйымға мүше және мүше емес елдердің ынтымақтастығы жобасы туралы: «Құдайға шүкір ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің ынтымақтастығына қатысты құжатқа өзгерістер енгізіліп, бұл ортақ жиынның шешімдері мемлекеттер үшін міндеттеме болмайды. ОПЕК-тың қорытынды мәлімдемесінде бұл құжаттың ОПЕК-тың шешімдері мен механизмдеріне әсерін тигізбейтіні қуатталды»,- деді.

ОПЕК-ке мүше елдердің 176-шы отырысы 14 елдің министрлерінің қатысуымен кеше, дүйсенбіде Венада өтті.