Ислам революциясы жетекшісі: Саудиялық үкімет қажылардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қамтамасыз етуге міндетті
(last modified Wed, 03 Jul 2019 17:27:44 GMT )
Шіл 03, 2019 23:27 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Саудиялық үкімет қажылардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қамтамасыз етуге міндетті

Ислам революциясы жетекшісі сәрсенбіде Иранның қажылық істері жөніндегі қайраткерлерімен кездесуінде саудиялық үкіметтін қажылардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қамтамасыз ету ауыр міндетке ие екенін қуаттады.

 

Аятолла Хаменеи бұл кездесуінде қажылықтың бірлік, мазлұмдарды қорғау және мүшіріктерден безу сынды саяси түсініктеріне ие екеніне тоқталып: "Бірлік пен Палестина мен Йеменнің халықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау немесе мүшіріктерден алыстау саяси істер және олар Исламның тағылымдарына сай, сондықтан қажылықтың саяси тұрғысы діни міндетті орындау. Саяси діни әрекеттердің қасында діни емес саяси және шайтындық әрекеттер байқалады. Оларға қажылық кезінде АҚШ-қа наразылық білдірмеңдер немесе мүшіріктерден безулерінді көрстепеңдер деген әрекеттер жатады. Мүшіріктерден безу – исламдық міндет және қажет іс. Сондықтан біз жыл сайын бұл істі жақсырақ іске асырғымыз келеді",- деді.  Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен басқа үстемшілердің исламдық шындықтарға қарсы терең дұшпандылығына тоқталып: "Әлемдік зорлық-зомбылық жасаушылардың мұсылман халықтарға қарсы саяси, қоғамдық, мәдени, экономикалық шабуылы олардың исламдық тағылымдарға терең дұшпандылығын білдіреді",- деп қосты.