Шамхани: Еуропалықтар өз болмысы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қатаң сынақтан өтуде
(last modified Thu, 04 Jul 2019 08:54:16 GMT )
Шіл 04, 2019 14:54 Asia/Almaty
  • Шамхани: Еуропалықтар өз болмысы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қатаң сынақтан өтуде

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысы АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруды Еуропаның өз болмысы мен қауіпсіздігін қорғайтын ерік-жігері үшін қатаң сынақ екенін қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысы Әли Шамхани сәрсенбіде Иранның ядролық міндеттемелерін азайтуға байланысты екінші қадамын іске асыру қарсанында «Тасним» ақпарат агенттігі үшін: «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды заңсыз пайдалануы – лаңкестік әрекеттердің айқын мысалы»,- деп жазды. Шамхани АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және басқа да халықаралық келісімдерден шығуын елдердің ұлттық қауіпсіздігі мен әлемдік қауіпсіздік үшін қатерлі деп тауып: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу шешімі Еуропа мен бұл жан-жақты келісімге қол қойған басқа елдерді нысанаға алуда. АҚШ тарапынан кемсітіліп, Вашингтонның біржақты шешімдерінің әсеріне түскен Еуропа осы кезге дейін халықаралық қарым-қатынастарға өз әсерін тигізе алатын біртұтас күштін рөлін атқара алмады»,- деп қосты.