«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы: Еуропаның әрекеттенуіне тек бірнеше күн қалды
(last modified Thu, 04 Jul 2019 14:04:52 GMT )
Шіл 04, 2019 20:04 Asia/Almaty
  •  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы: Еуропаның әрекеттенуіне тек бірнеше күн қалды

Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаулары үшін еуропалықтарға белгілеген уақытының тек төрт күні қалды. ИИР Президенті Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саласында екінші қадамын бастауға шынайы ерік-жігерін білдіретініне тоқталды.

Иран үкіметі 2019 жылдың 8 мамырында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан бір жыл өткен күні аталмыш қадамдағы өзінің екі міндеттемесін, атап айтқанда уран мен ауы су сатуын тоқтатып, еуропалықтарға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауларына 60 күн уақыт белгіледі. 7 шілдеде белгіленген уақыт аяқталады. Егер еуропалықтар міндеттемелерін орындамауды жалғастыратын болса, Иран екінші қадамын басады.

ИИР Президенті Хасан Рухани 3 шілдедегі үкімет отырысында еуропалықтарға: «Ағымдағы айдың жетісінен Иран уранды 3,67 пайызға байытуын тоқтатып, өзіне қажет әр деңгейге дейін байтатын болады»,- деді.

Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарына бір жыл өзінің ізгі ниетін білдіріп,  стратегиялық сабыр сақтаған соң, бұл келісімдегі өз міндеттемелерін азайту шешім қабылдады. Иранның жаңа әрекеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарында қарастырылған жәйттерге сай. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптары бойынша, егер аталмыш келісімнің мүшелерінің бірі өз міндеттемелерін орындамаса, басқа тарап өз міндеттемелерін азайта алады. Сондықтан Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтып, Иранның байытылған уран қорын белгіленген 300 кг асыруы халықаралық заңды бұзу болып саналмайды. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Халықаралық «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабы бойынша, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуынан кейін Иран байытылған уран қорын белгіленген мөлшерден асыра алады»,- деді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздеріне сүйенген Иранның заңды қадамдары еуропалықтарға енді Иранның АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығып, Дональд Трамп үкіметінің келтірген шығындарының орның  жалғыз толтырмайды деген жолдауды жеткізді.

ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері бойынша, теңгерім орнатылатындай қадамдар басып, оның басқа мүшелерінен өз міндеттемелерін орындауларын күтеді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлемдік дипломатияның жетістігі ретінде сақтап қалу үшін еуропалықтар келісімдегі барлық міндеттемелерін орындаулары керек.