Теһран жұма намазының имамы: Америкалықтар Иранның қорғаныс құдыретінен қорқады
Теһран жұма намазының имамы АҚШ Президентінің бұл елдің Иранға қарсы шабуыл жасаудан тартынуының себебі туралы сөздеріне реакция білдіріп, америкалық биліктін Иранның әскери қорғаныс құдыретінен қорқатынын қуаттады.
Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани америкалық «Винсенс» крейсерінің 1988 жылдың 3 шілдесінде Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшқышына қарсы шабуылының жылдығына тоқталып: «АҚШ бұл қылмысты ұятсыз және әдейлеп іске асырды. Ирандықтар ақылы, ахлағы және адамгершілігімен өз күш-қуатын әлемдіктерге көрсетті»,- деді. Аятолла Мовахеди Кермани сондай-ақ Иранның байытылған уранының қорын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген 300 кг асырғанына сілтеме жасап: «Иран атом бомбасын қажет етпейді және оны жасауды заңсыз санайды»,- деп қосты. Теһран жұма намзының имамы сионистерді шыны үйде өмір сүреді деп тауып: «Егер америкалықтар мен сионистер Иранға қарсы әрекетенсе, Иран Парсы шығанағын олардың қабіріне айналдырады»,- деп қуаттады.